CHICORIUM ӨСІМДІГІНІҢ КОМПОНЕНТТІ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ
Özet Görüntüleme: 87 / PDF İndirme: 33
DOI:
https://doi.org/10.31623/iksad.22Anahtar Kelimeler:
Cichorium, полифенол, экстракция, антоциан, кумарин, каротин, caroteneÖzet
Бұл мақалада Cichorium өсімдігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) компонентті құрамы анықталған. Cichorium өсімдігі (гүлі, жапырағы, сабағы) рН мәні «И-160 МИ» маркалы рН метрінде анықталды. Экстрактивтілігі суда және 80% этил спиртінде 2 сағат уақытта жүргізілді. Cichorium өсімдігінің ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен, қышқылдылығы, аскарбин қышқылы, пектинді заттары титриметриялық әдіспен, макро-микро элементтердің мөлшері атом-эмиссионды жартылай сандық спектрлік анализ әдісімен АAnalyst 400 приборында және атомды-абсорбциялық әдіспен спектрофотометр «АА 7000» Shimadzu приборында, Cichorium өсімдігінің құрамындағы антоциандар, флаваноидтар, полифенолдар, каротин және қант мөлшері фотокалориметрлік әдіспен КФК–2 және КФК–3 маркалы фотокалориметрінде, белок Къельдаль әдісімен анықталды. Клечатка А.Е. Ермаковтың модификациясы бойынша салмақтық әдіспен, шикі май мөлшері Сокслет аппаратының көмегімен салмақтық әдісімен анықталды. Cichorium өсімдігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) элементтік мөлшері анықталды. Нәтижесінде құрамында мыс, мырыш, марганец, темір, кобальт, кадмий, кальций, магний, калий, натрий кездесетіндігі көрсетілді. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі бойынша Сichorium өсімдігінің құрамында флавоноидтар, белок, пектинді заттар, илегіш заттар, антоциандар, фенол қышқылдары, каротиндер, полифенолдар, кумариндер кездеседі.
İndir
Yayınlanmış
Nasıl Atıf Yapılır
Sayı
Bölüm
Lisans
Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.