ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ АБАЙ АЙТҚАН КЕМЕЛ АДАМ ҮЛГІСІ


Özet Görüntüleme: 118 / PDF İndirme: 32

Yazarlar

  • Talgat Abubarirovich DANİYAROV Professor, Candidate Of Pedagogical Science, H.A Yasawi International Kazakh –Turkish
  • Abdimanap Abdirazakovich ZHOLDASBEKOV Professor, Doctor of Pedagogical Scince, M.Auezov South Kazakhstan State university

DOI:

https://doi.org/10.31623/iksad.27

Anahtar Kelimeler:

дәстүр, салт, халықтық мұра, рухани құндылық, тәрбие

Özet

Бүгінгі таңда қоғамның ең жоғары құндылығы – Адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан экономикалық, әлеуметтік, демократиялық өзгерістердің бәрі сол адам үшін, оның қайта түлеуі және игілігі үшін жасауда. Міне осы орайда ұлттық салт-дәстүрімізді білу, өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту бүгінгі қоғам сұранысына лайық ұлттық қасиет сапалары жоғары, ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұраны өз бойына сіңірген кемелденген толымды адам тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Тамыры тереңге тартқан тарихымызды педагогикалық тұрғыдан таразыласақ, адам тәрбиесі ұлы ғұламалардың еңбектерінде әр қырынан зерттеліп отырғаны мәлім. Осы тұрғыда Абай педагогика мәселесіне арнайы еңбек жазбаса да, педагогтік қызметпен тікелей айналыспаса да, жастарды тәрбиелеу жөнінде терең аса құнды пікірлер айтқан. Кемелденген толымды адам туралы, оның жан дүниесі туралы Абайдан артық айтқан ешкім жоқ. Сондықтан толымды адам келбеті оның тәрбиесі туралы Абайға сүйенгенді жөн көрдік. Абайдың рухани әлемі, оның негізгі зерттеу объектісі – адам. Ол адамның мінез-құлқын, адамгершілік ізгі қасиеттерін тәрбиелеуді өмір бойы басты идея етіп ұстап, кісілік тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындаған. Осы тұрғыдан келгенде Абай өзінің бүкіл шығармашылығын жастарға «адам бол», «қатарыңнан қалма» деген философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарасында адамгершілігі мол адам қоғамға ең пайдалы адам деп тұжырымдаған. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген сөзі толымды адамның адамшылығының алды ар, ақыл, мінез екенін көрсетеді. Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол адам батыл ержүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге, оқу-білім, ғылым негіздерін меңгеріп, алдына қойған мақсатына білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып дұрыс қартаю, өз халқына қажымай, талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты сүю және құрметтеу бүгінгі таңдағы басты мәселенің біріне айналуда. Ұлы ғұлама адамды кісілік қалыпқа жеткізіп қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. 

İndir

Yayınlanmış

2018-02-15

Nasıl Atıf Yapılır

DANİYAROV, T. A., & ZHOLDASBEKOV, A. A. (2018). ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ АБАЙ АЙТҚАН КЕМЕЛ АДАМ ҮЛГІСІ. IKSAD JOURNAL, 4(7), 18–23. https://doi.org/10.31623/iksad.27

Sayı

Bölüm

Makaleler