ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АЛАШ ИДЕЯСЫ
Özet Görüntüleme: 150 / PDF İndirme: 66
DOI:
https://doi.org/10.31623/iksad.25Anahtar Kelimeler:
кейіпкер, авторлық идея, әдеби туынды, баспасөз, қаламгерÖzet
алада ХХ ғасыр басында проза жанрында М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Әуезов, С.Торайғыров сияқты алаш азаматтары көтерген қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар мен экономикалық дағдарыс, адамның рухани құлдырауы, қылмыстың өршуі сияқты құбылыстың көркем шығармада бейнелену тәсілі жан-жақты талданған. Аталған жазушылар ХХ ғасыр басындағы Қазан төңкерісінің салдарынан ел ішінде орын алған оқиғаларды жеке адам образы арқылы бейнелеген еді. Аталған мәселелердің алаш қайраткерлерінен кейін қазіргі қазақ әдебиетінде өзінің заңды жалғасын тапқаны, жаңа мазмұн, өзгеше тәсілде суреттелгені қарастырылған. Қазіргі әдебиетте Н.Ораз, Т.Ахметжан, Р.Мұқанова, Ж.Қорғасбек шығармаларында қоғамда болып жатқан жағдайды адамның ішкі субъективизмі арқылы бейнелеуге жете мән берді. Тәуелсіздіктен кейінгі жазылған көркем шығармаларда тақырып, идея, композиция мен сюжеттік оқиғаның өрілу тәсілі де өзгерді. Жазушылар ұзақ роман, повесть жазудан гөрі қысқа мазмұнды әңгіме, новелла жазуға ойысты. Нарықтық қатынастың пайда болуы мен жеке меншіктің орнауына байланысты адам характері алмасқан қоғамның ұлтқа, қазақ өміріне қаншалықты әсер еткенін суреттеуге күш салды. Қазақ арасын жайлаған, жалпы қоғамға тез жайылған алып-сатарлық, алдау-арбау, күштінің әлсізге қоқан лоққы жасауы, көзбояушылық, ғылым мен өнерді қор қылу сияқты мінез-құлықтың қалыптасуын, жеке адамның психикасы мен дара тіршілігіне үңілу арқылы суреттеуге ойысты. Көркем шығармада бұрынғы кеңестік кезең әдебиетіндегі еңбек адамының, зиялы қауым өкілдерінің бейнесі өзгеше сипатқа ие болды. Ол кездегі әдебиетте өнер мен ғылым саласындағы адамдардың биік рухы, асқақ арманы, ел ішіне сіңірген еңбегі суреттелсе, кейінгі прозада есіл еңбегі еленбеген, өнері бағалбай, қоғамнан оқшау қалған бейнелер алға шықты.
İndir
Yayınlanmış
Nasıl Atıf Yapılır
Sayı
Bölüm
Lisans
Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.