ҚАЗАҚ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ҚУАТТЫ ОЙЛАР: А. СҮЛЕЙМЕНОВ, З.ҚАБДОЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ


Özet Görüntüleme: 120 / PDF İndirme: 40

Yazarlar

  • L.M. ADILBEKOVA Candidate of Philology, Professor, Republic of Kazakhstan
  • M.B. KOPESBAEVA Master of 1 course, Republic of Kazakhstan

DOI:

https://doi.org/10.31623/iksad.24

Anahtar Kelimeler:

Қазақ афоризмдері, Асқар Сүлейменов, Зейнолла Қабдолов, көркемдік қуаты, тәуелсіздік, жанр

Özet

Мақалада қай әдебиетте болмасын ақын-жазушылардың сирек қалам тартатын жанры — қанатты сөздер, яғни афоризмдердің көркемдік ерекшеліктері, құрылымы мен ой қуаттылығы туралы қарастырылады. Адамзат баласы жиырма бірінші ғасырға аттаған және де биік технология мен цифрлы дәуірге аяқ басқанына қарамастан, кітап ғасыры адами капиталды рухани жетілдірудің бірден бірі жолы ретінде өз құнын жойған жоқ. Сонымен бірге, әдеби жанрлар ішінде шағын көлемді көркем шығармалар мен бір қазан ойды бір қасық сөзбен жеткізуге қауһарлы, айтылуы көркем әрі ырғақты болып келетін сентенциялар, григерийлер, афоризмдер мен қанатты сөздер қашан да қырман сұранысына еге болып келеді. Мемлекет көлеміндегі мыңдаған баспаханалардан шығып жатқан түрлі саладағы әдеби, ғылыми, мәдени еңбектерге күніне толығып жататын ақпаратты басылымдарды қоссақ, интернет пен технология заманы саналатын XXI ғасырда оқырман назары әлі де кітапта екендігіне көз жеткізу киын емес. Мақалада қазақ әдебиетіндегі тақырыптық жанрлық аясы күні бүгінге дейін арнайы қарастырылмаған, сонда да адамзат ақыл-ойының квинтэссенциялық көрсеткіші болып табылатын қанатты сөздер мәселесіне арналып отыр. Қанатты сөздердің ауқымы қанша кең болса, тарихы да сонша терең болып келеді. Қанатты сөздер - өз дәуірі тудырған замана таңбасын арқалайтындығын, оған қатысты барлық проблемаларды көтеретіндігін, кейде тарихи оқиғаларға нақты әсер ететіндігін ғылыми дәлелдеп шығуға болады. Ой иесі, сөз иесі адам туралы жанр болып табылатын қанатты сөздер әдебиеттің бір қарағанда көне түріне жатқанымен де, интеллектуалдық өнердің теңдессіз түрі ретінде бүгінгі қоғамда нағыз ғұмырлы жанрға жатады. Бүгінгідей ақпараттар ағымы айрықша ағылған заманда, афоризимдердің мәні артуда десек қателеспейміз. Кемелдігіне қатысты философтар, тілдік бірлік ретінде лингвистер, поэтикалық сұлу, әрі ықшам көркем сөз тіркесі ретінде әдебиетшілер афоризмдерді өз аясына тартып, өз тұрғысынан бағалауға тырысып келген, әрі бұл үрдіс жалғасуда. Әйтсе де, афоризм, ең алдымен әдеби жанр екендігін мойындауға тиістіміз.

İndir

Yayınlanmış

2018-02-15

Nasıl Atıf Yapılır

ADILBEKOVA, L., & KOPESBAEVA, M. (2018). ҚАЗАҚ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ҚУАТТЫ ОЙЛАР: А. СҮЛЕЙМЕНОВ, З.ҚАБДОЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ. IKSAD JOURNAL, 4(7), 1–5. https://doi.org/10.31623/iksad.24

Sayı

Bölüm

Makaleler