ҚАЗАҚЫ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ГУМАНИСТІК СИПАТЫ


Özet Görüntüleme: 115 / PDF İndirme: 31

Yazarlar

  • 0. TEMIRBEKOV Associate Professor L.N.Gumilyov Eurasian National University
  • A. USSEN Professor L.N.Gumilyov Eurasian National University
  • R. TURYSBEK Professor L.N.Gumilyov Eurasian National University
  • B. KURGANBEKOV Professor L.N.Gumilyov Eurasian National University

DOI:

https://doi.org/10.31623/iksad.18

Anahtar Kelimeler:

Гуманистік, діни

Özet

Қазақ дүниетанымының ерекшелігі – атеистік сананың жоқтығы. Қазақ қашаннан Құдайға қараған халық. «Құдайға қарау» деген тұрақты сөз тіркесі – Жаратушыны тану деген мағынаны береді. Грек ойшылы Пратогордың айтуынша адам барлық нәрселердің өлшемі екендігі белгілі. Бұл қағиданың мәнісі – бар болғаны - адам бар мен жоқтың, белгілі мен белгісіздің арасындағы меже ғана. Сондықтан ол бар нәрселерді «бар», жоқ нәрселерді «жоқ» деуші. Қазақы дүниетанымда бұл маңызды қағида «білетінің бір тоғыз, білмейтіңің тоқсан тоғыз» деген мақал арқылы көрініс табады. Осыған байланысты қазақ адамы білмеген нәрсесі туралы «Құдай біледі» деп айтады. Бұл фунтаментальды түсінік қазақ халқын «айттым – бітті, үздім – кесілді» деген Қазақ социуымында ешқашан тоталитардық ойлау жүйесіне құрылған авторитарлы мемлекеттің болмауының басты себептерінің бірі де осы. Екіншіден, қазақ халқының діни танымы бойынша - Жаратушының алдында барлық ұлттар мен ұлыстар тең; ешқандай бір-бірінен айырмашылығы да, артықшылығы да жоқ. Бұл гуманистік ұстанымның негізінде – барлық адам баласы Адам ата мен Хауа анадан тараған деген түсінік жатыр. Қазақ ойшылы Мәшһүр Жүсіп бұл түсінікті нағыз, шынай мұсылман болудың шарты санайды. Сондай-ақ, бұл түсінікке «барлық адам баласы мұсылман болып туады, кейіннен ата-аналары олардың біреуін насарани (христиан – О.Ж), біреуін яхудей, біреуін пұтқа табынушы қылады» деген хадисті қосыңыз. Егер дін ұстанушы адамдарды діни ерекшеліктеріне қарай жіктеп бөліп-жаратын болса, онда оның ұстанған діні қате деген сөз. Қазіргі кезде діни ерекшеліктерге, нәсілдік, тілдік айырмашылықтарға байланысты қоғамда көптеген әлеуметтік қақтығыстар болып жатады. Бұның барлығы дінді дұрыс түсінбегеннен пайда болатын келеңсіз құбылыстар. Қазақ ойшылы Абай өз шығармаларында «әрбір ақылды адамға иман парыз, ал әрбір иман келтірген адамға ғибадат парыз» деген хадисті алға тартады. Абайдың ойынша діннің негізі болып табылатын иманға адам ақыл арқылы келуі керек; иман келтірудің ең басты шарты – иман келтірушінің ақылды болуы. Егер адам туғаннан ақылсыз, ақыл-есі кем болса ондай адамға иман келтіру парыз болып есептелмейді екен. Ал ақылмен иманның не екенін түсініп алмайынша құлшылық етушінің құлшылығы (ғибадаты) толымды болмайды. Ақылдың дінді түсінуде, Құдайды тануда, жалпы адамның тіршілігіндегі маңызын қазақ халқы «Құдай қарғайын деген адамның ақылын алады» деген мақал арқылы бекітеді. Қазақ халқының дінді түсінудегі басты ерекшеліктерінің бірі – діннің сыртқы формасы емес, ішкі мәніне баса назар аударуы. Бұл тұрғыдан қазақ халқы «құмыраның сыртқы бейнесі емес, ішінде не бар екендігі маңызды» деген қағиданы берік ұстанады. Осы қағидаға адал қазақ ғұламасы Мәшһүр Жүсіп мұсылманшылық немен болады? деген риторикалық сұрақты қоя отырып, мұсылманшылық ең әуелі уәдеге опалы болу арқылы болады дейді. «Опа» сөзі - арап тілінен аударғанда «айтқан сөзіңе адалдық» деген мағыны береді екен.

İndir

Yayınlanmış

2017-06-15

Nasıl Atıf Yapılır

TEMIRBEKOV, 0., USSEN, A., TURYSBEK, R., & KURGANBEKOV, B. (2017). ҚАЗАҚЫ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ГУМАНИСТІК СИПАТЫ. IKSAD JOURNAL, 3(5), 22–27. https://doi.org/10.31623/iksad.18

Sayı

Bölüm

Makaleler