ТҰҚЫМДЫ КӨШЕТСІЗ ӘДІСПЕН ӨҢДІРІП, НАНОЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУЫ


Özet Görüntüleme: 123 / PDF İndirme: 33

Yazarlar

  • G.Zh MEDEUOVA Associate Professor Kazakh State Women's Pedagogical University
  • N.M MYRZAHMETOVA Associate Professor Kazakh State Women's Pedagogical University
  • E.M IMANOVA Associate Professor Kazakh State Women's Pedagogical University

DOI:

https://doi.org/10.31623/iksad.17

Anahtar Kelimeler:

Амаранттар, гректер, Аполлон, селекционер, жұмыр құрт, электрофизикалық,сорттар, ноноэлектромагниттік технология, көмірсулар,витаминдер, тұздар

Özet

Қызылша"' (лат. Béta)– Амаранттар туысына жататын біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық өсімдік ретінде қарастырылған. Қызылшаның ең танымал түрлері: кәдімгі қызылша, қант қызылшасы және мал азық қызылшасы. Антарктидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі. Қызылшаның барлық мәдени түрі шығыс Үндістанда өсетін табиғи қызылша түрінен алынған. Қызылшаның тағам ретінде ең алғаш Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолданылғандығы белгілі болды. Бірақ ежелгі заманда тағамға қызылшаның жапырағы ғана пайдаланылып келген, ал қазір тамыры дәрілік мақсатта қолданылады. Ежелгі гректер Аполлон құдайының құрметіне қызылшаны сыйлаған. Мал азығы қызылшасын XVI ғасырда Германияда шығара бастаған. Оның толық сапалы түрі XVI-XVII ғасырларда алынса, XVIII ғасырда қызылшаның түрі бүкіл Еуропаға тез тарады. Басқа қызылшалардан түрі жағынан айырмашылығы аз болғанымен, оның тамыры жақсы жетілген. Селекционерлердің 1747 жылы бастаған жұмысының нәтижесінде қант қызылшасы пайда болды. Сол кездегі қамыстан алынатын қанттың қызылша құрамында да бар екендігі анықталған. Ол кезде қызылша құрамынан 1,3 % қант алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 20 % дан асады. Бүгінгі күні қант қызылшасы қант шығару бойынша қант қамысынан кейінгі 2-орынды иеленіп отыр. XIX-XX ғасырларда қызылша Антарктидадан басқа барлық жерлерге таралды. Мақалада қызылша (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақылдардың бірі,сондықтан. бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Сонымен қатар. 1991 жылдан Қазақстанда қызылшаның бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілген онда. қызылшаның бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейгендігі, одан қызылшаның түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттыру үшін, тұқымды көшетсіз әдіспен өндіру мен ноноэлектромагниттік технологияны көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор.Сондықтан мал азықтық қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Қызылша тұқымы көшетсіз өсірген кезде дұрыс шешілетіні туралы айтылған.

İndir

Yayınlanmış

2017-06-15

Nasıl Atıf Yapılır

MEDEUOVA, G., MYRZAHMETOVA, N., & IMANOVA, E. (2017). ТҰҚЫМДЫ КӨШЕТСІЗ ӘДІСПЕН ӨҢДІРІП, НАНОЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУЫ. IKSAD JOURNAL, 3(5), 17–21. https://doi.org/10.31623/iksad.17

Sayı

Bölüm

Makaleler